Елімізде

Тоқаев Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейтарап мандат негізінде әрекет ететін Халықаралық Қызыл крест комитетінің бірегей сипатына тоқталып, гуманитарлық көмекті саясиландыруға болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама көтерген алты мемлекеттің бірі саналады. 

Бұл ретте соғыс кезіндегі адамгершілік тақырыбы бойынша жыл соңына қарай Иорданияда өтетін жоғары деңгейдегі Конференцияға дайындық мәселелері пысықталды. 

Мирьяна Сполярич Халықаралық Қызыл крест комитетінің қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, тоқсаныншы жылдардан бері еліміз бен Ұйым арасында қалыптасқан сындарлы диалог дәйекті түрде дамып келеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мирьяна Сполярич халықаралық және гуманитарлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан мен Ұйым арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.