дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 13:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты
Сурет: Ақорда
Жаңа авиация базасы Астана қаласында орналасқан

Президент – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында Ұлттық ұланның авиация базасын ашты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.  

Президент жиналғандары Отан қорғаушылар күнімен құттықталы.  Оның айтуынша, 7 мамыр –  отаншылдық сезімді оятып, жауынгерлік рухты арттыратын мәртебелі мереке. Сонымен қатар Қарулы Күштерді егемен еліміздің мықты қалқаны, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас тірегі ретінде атап өтті.

«Авиациялық базаның ашылуы – Ұлттық ұлан ғана емес, бүкіл әскеріміз үшін айтулы оқиға. Бұл база күштік құрылымдардың әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштардың шұғыл әрекет етуіне жағдай жасайды. Мемлекет Қарулы Күштерді жабдықтап, әскери инфрақұрылымды дамыту мәселесін айрықша назарда ұстайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев сондай-ақ Қазақстандағы сарбаздар еліміздегі су тасқынымен күресте алдыңғы шепте жүргенін еске салды.

«Олар зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық жүк жеткізді. Азаматтарды қауіпсіз жерге көшірді. Соның бәрін мінсіз атқарды. Осындай қиын-қыстау кезде халықпен бірге болған сарбаздарға зор ризашылығымды білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар