Елімізде

Қырғызстаннан Қазақстанға екі өзен арқылы шамамен 304,3 млн текше метр су келді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті

Биыл сәуір айынан бүгінге дейін Қырғыз Республикасы Қазақстанға шамамен 304,3 млн текше метр су жіберді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Ал Шу және Талас өзендері арқылы осы уақытқа жоспарланған су беру көлемі 270,1 млн текше метр болатын.

Қырғыз Республикасымен жасалған келісімдерге сәйкес, вегетациялық кезеңде Қазақстанға Жамбыл облысының диқандарын қамтамасыз ету үшін Шу және Талас өзендері арқылы 625 млн текше метр су келеді деп күтіліп отыр.

Бүгінде Жамбыл облысының шаруа қожалықтарына 231 млн текше метрден астам су берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 млн текше метрге артық. Жалпы 58 900 гектар егіс алқабы суарылды.