жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қыркүйекте Қазақстанда не арзандап, не қымбаттады

Қыркүйекте Қазақстанда не арзандап, не қымбаттады
istockphoto.com
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді

Қыркүйек айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 1,1 пайызды құрады. Жылдық өсім 12,9 пайызға жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Азық-түлік өнімдері ішінде ең көп арзандағандар – пияз, картоп, қызылша, қырыққабат және сәбіз болды. Сондай-ақ жүзім, қызанақ, лимон мен алма бағасы да төмендеді. Ал газдалған сусындар, кофе, апельсин, жарма, консервіленген жемістер мен дәмдеуіштердің құны керісінше өсті.

Азық-түліктен бөлек тауарлардың ішінде фотоаппарат арзандағанымен, алтын неке сақинасы, қолсағат және цемент қымбаттады. Сонымен қатар киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника мен жуғыш құралдардың бағасы да көтерілді.

Қызмет көрсету саласында әуе билеттері мен санаторийлер арзандады. Алайда қоғамдық тамақтану орындары, шаштараз және фитнес-залдар бағасын өсірді.

Жылдық есеп бойынша күріш, кептірілген өрік пен жержаңғақ арзандады. Ал асханалық құралдар, электр бұрғылар мен шамдардың құны қымбаттады. Қызметтер ішінде аяқ киім жөндеу бағасы 9,4 пайызға, тұрғын үйді күтіп-баптау 6,9 пайызға өсті. Сондай-ақ бассейнге бару мен спортзал қызметтері 10 пайыздан астамға қымбаттады.

2025 жылдың қаңтарынан бастап инфляцияны есептеуге негіз болатын тұтыну қоржыны мынадай құрылымға ие болады: азық-түлік тауарлары – 40 пайыз, азық-түлік емес тауарлар – 30,3 пайыз, ақылы қызметтер – 29,7 пайыз.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар