Қызылордада алдағы үш жылда 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- 22 желтоқсан, 2025
- 55
Қызылорда облысында алдағы үш жылда 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы ОКҚ алаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Оның айтуынша, былтыр Қызылорда облысында 13 білім беру ұйымы ашылған. Ал, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілген. 2023 жылдан бастап 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. Нәтижесінде өңірде үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
«Соңғы үш жылда 5 млрд 300 млн теңгеге 15 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 млрд 400 млн теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртудан өтті. Алдағы үш жылда өңіріміздегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық мектептің орнына жаңадан білім ордасы салынды. «Білімді қолдау қоры» арқылы 2 млрд 333 млн теңгеге Мергенсай ауылында салынған 150 орындық мектеп жақын күндері пайдалануға беріледі. Аталған қор есебінен 8 млрд 400 млн теңгеге физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты салынды.
Ұқсас жаңалықтар
"Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған": Шымкентте екі адам қамауға алынды
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2025





