жұма, 20 наурыз, 2026 18:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылордада пайдаланылмай жатқан 129 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қызылордада пайдаланылмай жатқан 129 гектар жер мемлекетке қайтарылды
gov.kz
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тексеру нәтижесінде Сырдария ауданында шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жалпы аумағы 129 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағаны және игерілмегені анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында жер пайдаланушыға нұсқама берілді. Алайда белгіленген мерзімде нұсқама талаптары орындалмады.

Осыған байланысты департамент Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз жолдады.

Сот шешімімен департаменттің талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылып, жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар