Елімізде

Қызылордада су үнемдейтін жаңа күріш сорты сынақтан өтуде

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда суды аз қажет ететін жаңа күріш сорты шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа күріш сортын сынақтан өткізіп жатыр. «Сыр сұлуы» деп аталатын бұл сорт аз уақытта пісіп-жетілетіндіктен, суды да аз қажет етеді.  

Сынақ нәтижелері көрсеткендей, жаңа күріш сорты 105-110 күнде пісіп-жетіліп, жергілікті ауа райы мен топыраққа толық бейімделген. Барлық агротехникалық талап орындалған жағдайда гектарынан 80-85 центнерге дейін өнім алуға болады. 

Қазіргі таңда Қызылорда облысында негізінен ресейлік күріш сорттары өсіріледі. Олар толық пісіп-жетілу үшін 120-125 күн уақыт алады.

Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институты Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, венгрлік Water Retainer жаңа препаратын сынақтан өткізіп жатыр. Ол топырақтағы ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі. Биыл бұл препарат Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола және Жетісу облыстарындағы егістіктерде тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.