Елімізде
Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қазан, 2025
- 335
Бұл туралы Ақорда мәлім етті
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды.






