жұма, 10 сәуір, 2026 20:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа Конституция нормалары мектеп оқушыларына түсіндіріліп жатыр

Жаңа Конституция нормалары мектеп оқушыларына түсіндіріліп жатыр
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сабақтың тақырыбы «Білім -мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституциядағы басымдықтар» деп аталды.

Іс-шараның мақсаты- оқушыларға жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында білім алушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай форматтағы сынып сағаты ел аумағындағы барлық оқушыларды ортақ құқықтық тақырыптар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік берді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар