жұма, 12 желтоқсан, 2025 4:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды

Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
Pixabay.com
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК мәлімдеді

2025 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10:00-де елдің оңтүстік аймақтарындағы бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша шектеулер енгізілген болатын.

Жамбыл облысы бойынша:

Қозғалыс «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» бағытындағы автожолдың 534–593 шақырымдары аралығында ашылды. Бұл — Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі учаске.

Түркістан облысы бойынша:

Осы бағыттағы жолдың 593–654 шақырымдары – Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі бөлігі де қайтадан ашылды.

Жолдардың қалпына келуі транзиттік және аймақаралық қатынастардың үздіксіз жүруіне мүмкіндік береді. Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын алдын ала тексеру ескертіледі.

Айта кетейік, қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 колл-орталығынан алуға болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар