дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 11:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 3 айда мас күйде көлік жүргізген 179 жүргізуші ұсталды

Жамбылда 3 айда мас күйде көлік жүргізген 179 жүргізуші ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Басқару құқығынан айырылған 13 азамат қайта көлік рөліне отырған

Жамбыл облысында 3 айдың ішінде мас күйінде көлік басқарған 179 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыста биылғы жылдың 3 айында 179 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізгені үшін  басқару құқығынан айырылған 13 азаматтың қайта көлік рөліне отырғаны белгілі болды.

"Жамбыл облысының Полиция департаменті көлік құралын мас күйінде басқару қоғамдық қауіптілігі басым жол қозғалысы ережелерін ең ауыр бұзушылықтардың бірі болып табылатынын ескертеді. Көлік руліне мас күйде отыру көбінесе жазықсыз азаматтардың зардап шегуіне себеп болып, олардың тағдырларында өшпес із қалдырады",- деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар