жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жасын Біркенов Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

Жасын Біркенов Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды
Фото: «Хабар» агенттігі
Бұған дейін ол «Хабар 24» телеарнасының директоры, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.

Жасын Біркенов Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұған дейін ол «Хабар 24» телеарнасының директоры, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.

1989 жылдың 30 сәуірінде дүниеге келген Жасын Біркенов М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары МТРК (Петропавл), «Қазақстан-Петропавл», «Қазақстан» және «7 канал» телеарналарында жұмыс істеді. Сондай-ақ «Хабар 24» арнасының Украина және Өзбекстандағы меншікті тілшісі болды. «Сұхбат», «Өзекті», «Тексердік», «Баспасөзге шолу», «Әкім» сынды бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі, жаңалықтар бөлімінің бас редакторы және шеф-редакторы қызметтерін атқарды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар