жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жетісуда бірнеше кәсіпорын Еуропаға заңсыз балық экспорттаған

Жетісуда бірнеше кәсіпорын Еуропаға заңсыз балық экспорттаған
Фото - ашық дереккөз
Бұл компаниялар 20-дан астам еншілес фирмалар ашып, солар арқылы өнімді шетелге шығарған

Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы балық шаруашылығындағы заңбұзушылықтарды тексеріп, ірі көлемдегі контрабандалық әрекеттерді анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тексеру барысында бірқатар кәсіпорынның балық өнімдерін Еуропа елдеріне заңсыз экспорттап келгені белгілі болды. Бұл компаниялар 20-дан астам еншілес (яғни, өздеріне қарасты) фирмалар ашып, солар арқылы өнімді шетелге шығарған. Бірақ сол еншілес компаниялардың заң бойынша балық аулауға құқығы болмаған — оларда су қоймалары бекітілмеген, балық аулауға квотасы жоқ, экспортқа рұқсаттары да болмаған.

— Мысалы, бір ғана компанияға 270 тонна балық аулауға рұқсат берілген, бірақ ол 4 920 тонна балық экспорттаған — бұл рұқсат етілген көлемнен 18 есе көп. Оның 2 096 тоннасын еншілес компаниялар заңсыз жолмен сыртқа шығарған. Мемлекеттік органның есептеуінше, осындай заңсыз әрекеттерден мемлекетке келген шығын 80 миллиард теңгеден асқан. Қазір бұл фактілер бойынша экономикалық контрабанда бабы бойынша қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар