Елімізде

Жыл соңына дейін 80 вокзал пайдалануға беріледі – Көлік министрлігі

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Вице-министрдің айтуынша, жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы, ал мердігер ұйымдар жергілікті атқарушы органдар тарапынан таңдалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Вице-министр атап өткендей, вокзалдардың шамамен 70%-ы отыз жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Техникалық тексерулер кезінде кейбір тіреуіш бағандар мен конструкцияларда жарамсыз ақаулар анықталған. Осыған байланысты 42 нысан толықтай қайта жаңартылды.

Биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға берілмек, ал жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейту тапсырылды.