Елімізде
Жылы киіміңіз дайын ба? Алдағы күндері елімізде қар жауып, боран соғады
- авторБақытжан Бекболат
- 19 қараша, 2025
- 844
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде төменгі қарлы боран мен көктайғақ байқалады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ 22 қарашада батыс пен солтүстік-шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды", - делінген хабарламада.






