жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ Израильден Сириядағы шабуылдарды тоқтатуды талап етті

АҚШ Израильден Сириядағы шабуылдарды тоқтатуды талап етті
epa/vostock-photo
АҚШ Израильден Сирияның оңтүстігінде әскери шабуылдарын уақытша тоқтатуды сұрады, деп хабарлады Axios тілшісі Барак Равид дереккөзге сүйене отырып.

Ақпаратқа қарағанда, Сирия Израильге елдің оңтүстігінде әскери операция жүргізілетіні туралы алдын ала ескерткен. Сирия тарапы бұл әрекетті Израильге қарсы емес, ел ішіндегі қақтығыстарды басып, тәртіпті қалпына келтіру үшін жасап жатқанын айтқан.

«Трамп әкімшілігі Израильден Сирия қарулы күштеріне соққы жасауды тоқтатуды сұрады. Израиль бұл өтінішті орындауға келісіп, шабуылдарды сейсенбі кешке дейін тоқтатуға уәде берді», – деп жазды Барак Равид X парақшасында.

Еске сала кетсек, сейсенбі күні Израиль әскері Сирияның Эс-Сувейда аймағында үкімет әскері нысандарына әуе шабуылын жасаған еді. Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац бұл шабуылдың мақсаты Израиль шекарасына жақын маңда әскери техниканың шоғырлануына жол бермеу екенін мәлімдеген болатын.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар