жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"ChatGPT-ге қылмыс туралы жазған": АҚШ студентіне қатысты сотта ЖИ-ге жазылған хат дәлел болды

"ChatGPT-ге қылмыс туралы жазған": АҚШ студентіне қатысты сотта ЖИ-ге жазылған хат дәлел болды
Фото: АЗЕРТАДЖ
Бейнебақылау камералары оның қылмыс орнында болғанын көрсетті, бірақ шешуші дәлел оның ChatGPT-мен хат алмасуы болды

АҚШ-та жасанды интеллектпен (ЖИ) хат алмасу сот ісінде басты айғақ ретінде қолданылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Bild жазғандай, Миссури университетінің 19 жастағы студенті кампус аумағында бүлік жасап, 17 көлікті зақымдап, терезелерін сындырған.

Бейнебақылау камералары оның қылмыс орнында болғанын көрсетті, бірақ шешуші дәлел оның ChatGPT-мен хат алмасуы болды. Оқиғадан көп ұзамай студент чат-боттан түрмеге түсемін бе деп сұраған. Сонымен қатар ChatGPT-ге «түкке тұрғысыз көліктерді» сындырғанын мойындаған.

Тергеушілер хат алмасуды өз кінәсін мойындау деп санады.

The Smoking Gun атап өткендей, тергеушілер хат алмасуды оқуға күдіктінің келісімімен қол жеткізген.

Студент қамауға алынып, оған мүлікке қасақана зиян келтірді деген айып тағылды. Ол Грин округінің түрмесінде қамауда отыр, бірақ 7500 доллар кепілге босатылған.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар