жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Даккадағы әуе апаты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артып отыр

Даккадағы әуе апаты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артып отыр
Pixabay.com
Reuters агенттігінің мәліметінше, Бангладеш астанасы Даккада әскери оқу-жаттығу ұшағы колледж ғимаратына құлап, салдарынан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті.

Апат 21 шілде күні орын алған. Әуеге енді ғана көтерілген F-7 BGI маркалы жойғыш ұшағы Milestone School and College-нің аумағына құлаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға кезінде ғимарат ішінде сабақ пен емтихандар өтіп жатқан. Құрбандар арасында оқушылар, мұғалімдер және ұшқыш бар. Тағы 88 адам түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаларға жеткізілді.

Елде ұлттық аза тұту күні жарияланды. Мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, мешіттерде, храмдар мен шіркеулерде арнайы діни рәсімдер өтуде. Үкімет тарапынан апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

F-7 BGI – Қытайда жасалған J-7/F-7 ұшақтарының ең заманауи нұсқасы. Бұл үлгідегі 16 ұшақ 2013 жылы Бангладеш әуе күштерінің қаруына қабылданған.

Айта кетейік, бұл трагедия бірнеше апта бұрын көрші Үндістанда болған соңғы он жылдағы ең ірі әуе апатынан кейін тіркеліп отыр.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар