Әлемде

Дрон шабуылы: Әзербайжан Иран елшісін СІМ-ге шақыртты

Әзербайжан СІМ мәліметінше, шабуыл 5 наурыз күні түске қарай болған.

Бакудегі Иран елшісі Моджтаба Демирчилу шұғыл түрде Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

Ведомство Нахичеван автономиялық республикасына жасалған дрон шабуылдарынан кейін жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

Әзербайжан СІМ мәліметінше, шабуыл 5 наурыз күні түске қарай болған. Бір дрон Нахичевань әуежайының терминал ғимаратына соққы берген, ал екіншісі Шакерабад ауылындағы мектептің маңына құлаған. Соның салдарынан әуежай ғимараты зақымданып, екі бейбіт тұрғын жарақат алған.