жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЕО Ресейдің “көлеңкелі флотының” кемелерін тексеру құқығын кеңейтпек

ЕО Ресейдің “көлеңкелі флотының” кемелерін тексеру құқығын кеңейтпек
DW.com
Бұл туралы Politico басылымы Еуроодақтың Сыртқы істер қызметі (EEAS) дайындаған құжатқа сілтеме жасап мәлімдеді.

Еуропалық одақ Ресейдің “көлеңкелі флоты” аталып кеткен танкерлерін тексеру үшін, олардың туы астында жүзіп жүрген елдермен арнайы келісімге келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжат ЕО сыртқы істер министрлерінің отырысына арналған.

Онда шетелдік тулармен жүзіп, ресейлік мұнай тасымалдайтын кемелер қоршаған ортаға, теңіз қауіпсіздігіне және маңызды инфрақұрылымға қатер төндіретіні, сондай-ақ Еуроодақ аумағына қарсы “гибридтік шабуылдар жасау алаңына айналуы мүмкін” екені айтылған.

Politico-ның мәліметінше, кейбір жағдайларда мұндай кемелер Ресейдің барлау жүргізуге және Еуропаның азаматтық әуежайларының жұмысын бұзуға бағытталған дрондарын ұшыратын базалар ретінде пайдаланылған деген күдікке ілінген. Бұған дейін басылым Ресейдің “көлеңкелі флотына” әлемдегі барлық танкерлердің шамамен 17 пайызы кіруі мүмкін екенін жазған еді.

Сондай-ақ Politico-ның дерегінше, ЕО қазірдің өзінде мұндай қызмет көрсететін “басым елдермен” байланыс орнатып жатыр. Сонымен қатар, одақ бұл елдерді санкцияға ілінген кемелерді өз тізімінен алып тастауға ынталандыру үшін түрлі тетіктер қолданбақ. Мәселен, әлемдегі ең ірі теңіз тіркеуші ел – Панама – ЕО санкциясына ілінген кемелерді тіркеуден шығарып, жақында 15 жылдан асқан кемелерді тіркеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар