жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ердоған Путинмен сөйлесті: Анкара бейбіт диалогқа жол ашуға ниетті

Ердоған Путинмен сөйлесті: Анкара бейбіт диалогқа жол ашуға ниетті
Фото: x.com/RTErdogan
Түркия Ресей мен Украина арасындағы диалогты жандандыруға дайын екенін мәлімдеді.

Президент Режеп Тайип Ердоған Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Анкара екі тараптың тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік беретін кез келген дипломатиялық бастаманы қолдауға әзір екенін жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әңгіме барысында екіжақты қатынастар, Украинадағы соғыс және өңірлік әрі жаһандық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

«Біздің президентіміз Түркия тараптар арасындағы тікелей байланыс орнатуға ықпал ететін және өңірде тұрақты бейбітшілікке жол ашатын барлық дипломатиялық бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты», - делінген Түркия басшысының әкімшілігі таратқан мәлімдемеде.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар