жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуроодақ Украинаға 100 млрд еуро бөлуге ниетті

Еуроодақ Украинаға 100 млрд еуро бөлуге ниетті
Pixabay.com
Bloomberg агенттігінің дерегінше, Еуропалық одақ Украинаға арнап 100 миллиард еуро көлемінде жаңа қор құруы мүмкін.

Бұл бастама шілде айында ұсынылуы тиіс жетіжылдық бюджет жобасы аясында қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Егер мүше елдер бұл ұсынысты қолдаса, қаржы төлемдері 2028 жылдан бастап басталуы ықтимал.

Агенттік дереккөзі ЕО-ның мұндай шешімді қарастыруына Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың жақын арада аяқталатын түрі көрінбейтіні себеп болғанын айтады. Жаңа қор құрылса, Украинаға қолдау көрсету жауапкершілігі АҚШ-тан гөрі Еуропаға көбірек жүктелетін болады.

Bloomberg деректеріне сүйенсек, ЕО Ресейдің толыққанды басып кіруінен бері Украинаға 160 миллиард еуроға жуық көмек көрсеткен.

Бұған дейін Еурокомиссияның экономика жөніндегі комиссары Валдис Домбровскис ЕО Украинаға көмек көрсетудің жаңа жолдарын, соның ішінде Ресейдің мұздатылған мемлекеттік активтерінен түскен табысты пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар