жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Филиппинде болған жер сілкінісінен 60 адам қайтыс болды

Филиппинде болған жер сілкінісінен 60 адам қайтыс болды
Фото - ашық дереккөз
Екі сағаттан соң Либертад қаласында магнитудасы 5,0 болатын қайталама жер сілкінісі тіркелген

 Филиппинде 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Елдің азаматтық қорғаныс басқармасы апат салдарынан 60 адамның қаза тапқанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz CNN телеарнасына сілтеме жасап.

«Бізге 60 адамның қаза тапқаны жөнінде хабар келді», – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Рафаэлито Алехандро IV.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) деректеріне сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-де (Астана уақытымен 19:00) тіркелген. Эпицентрі Филиппиннің орталығындағы Висай аралдарының Себу қаласында орналасқан. Екі сағаттан соң Либертад қаласында магнитудасы 5,0 болатын қайталама жер сілкінісі тіркелген.

Бұған дейін GMA News телеарнасы провинция жағалауында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 26-ға жеткенін, 147 адамның жарақат алғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар бірқатар ғимарат қирап, мектептер эвакуацияланған, ал сауда кешендерінің бірінде өрт шыққаны айтылды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар