жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Газа секторын 15 палестиналық технократтан тұратын комитет басқаратын болды

Газа секторын 15 палестиналық технократтан тұратын комитет басқаратын болды
Reuters
Комитеттің 15 мүшесін барлық палестиналық фракциялар, соның ішінде «Хамас» та қолдаған.

Газа секторын енді 15 палестиналық технократтан құралған арнайы комитет басқарады. Бұл туралы Мысырдың Сыртқы істер министрі Бадр Абдель Аты мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, комитеттің жұмысын бейбітшілік кеңесі қадағалайды, ал кеңестің төрағасы қызметін АҚШ президенті Дональд Трамп атқарады.

«Газа тұрғындарының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін осы адамдардың күшін біріктіру қажет. Бейбітшілік кеңесі бөлінген қаражаттың Газаны қалпына келтіруге тиімді жұмсалуын бақылап отырады», – деді министр.

Комитеттің 15 мүшесін барлық палестиналық фракциялар, соның ішінде «Хамас» та қолдаған. Сонымен қатар үміткерлер Израиль тарапынан тексеруден өткен. Алайда министр олардың нақты есімдерін жариялаған жоқ.

Бадр Абдель Аты Израильдің анклав аумағынан әскерін шығарып, гуманитарлық көмек жеткізуге және әкімшілік құрылымның жұмысын қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.

Бұған дейін БҰҰ Газа секторындағы инфрақұрылымның зақым көлемі 70 млрд долларға жеткенін хабарлаған. Сарапшылардың айтуынша, аймақты толық қалпына келтіру үшін ондаған жыл қажет болуы мүмкін.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар