жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Германиядағы әр үшінші компания жұмыс орындарын қысқартпақ

Германиядағы әр үшінші компания жұмыс орындарын қысқартпақ
Pixabay.com
Германия экономикасы тағы бір қиын кезеңге дайындалып жатыр

Кельндегі Германия экономика институтының (IW) шолуына сәйкес, ел экономикасын алдағы жылы тағы да қиын кезең күтіп тұр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесі бойынша, 2026 жылы компаниялардың 36%-ы жұмыс орындарын қысқартуды жоспарлап отыр, ал тек 18%-ы жаңа жұмыс орындарын ашпақ. Ең күрделі жағдай өндіріс саласында байқалады — мұндағы кәсіпорындардың 41%-ы қысқартуға дайындалып жатыр.

Германия үкіметі келесі жылы ЖІӨ 1,3%-ға өседі деп күтуде. Бұл өсім, негізінен, инфрақұрылымға, климатты қорғауға және қорғаныс саласына бағытталған мемлекеттік шығындар есебінен қамтамасыз етілмек. Ал Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Германия экономикасының өсімін небәрі 0,9% деп болжаған.

IW сауалнамасына қатысқан 2000-ға жуық компанияның төрттен бірі ғана 2026 жылы өндіріс көлемі мен іскерлік белсенділіктің артуын күтсе, үштен бірі керісінше — төмендеуді болжайды. Оптимизм деңгейі өңірге байланысты өзгеріп отыр: ең жоғары көрсеткіш елдің солтүстігінде және Баварияда байқалған.

Ең пессимистік көңіл күй өндіріс саласында басым. Бұл сала сауда қақтығыстарының, геосаяси тұрақсыздықтың және жаһандық экономиканың баяулауынан зардап шегіп отыр. Бұған қоса, шикізат жеткізу тізбегіндегі тәуекелдердің артуы мен бәсекеге қабілеттіліктің әлсіреуі жағдайды күрделендіруде. Дегенмен, IW деректеріне сәйкес, құрылыс секторындағы жағдай біраз жақсарған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар