жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Иран мен Израиль қақтығысы: Президент Пезешкиан жарақат алды

Иран мен Израиль қақтығысы: Президент Пезешкиан жарақат алды
svpressa.ru
Бұл оқиға 16 маусымда, Иран мен Израиль арасындағы соғыс басталғаннан үш күн өткен соң орын алды

Масуд Пезешкиан Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысып отырған сәтте, Израиль әскери-әуе күштері ғимараттар кешенін бомбалауды бастаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ирандық Fars агенттігіне сілтеме жасап.

Отырыс Тегеранда орналасқан ғимараттың "төменгі қабаттарында" өткен. Шабуыл басталғанда электр қуаты өшіп, кіріп-шығу жолдары қиратылған. Кеңес мүшелері апатты шығу жолдары арқылы қауіпсіз жерге жетуге мәжбүр болды. Олардың арасында Президент Пезешкиан да бар, ол аяғынан жарақат алған, деп жазады Fars.

13 маусым күні Израиль Ирандағы бірқатар нысандарға – үкіметтік, әскери және ядролық мекемелерге – шабуыл жасаған. Бұған жауап ретінде Иран зымыранмен соққы берген. Екі елде де бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар болды. Бір аптадан кейін АҚШ қақтығысқа араласып, Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасады. 24 маусым күні атысты тоқтату туралы жарияланды. Алайда қазір Иранда жаңа шабуылдар болуы мүмкін деген алаңдаушылық басым, деп жазады dpa агенттігі.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар