жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлиев пен Пашинян Трампты Нобель сыйлығына ұсынбақ

Әлиев пен Пашинян Трампты Нобель сыйлығына ұсынбақ
Дональд Трамп (Фото: Jonathan Ernst / Reuters)
Екі елдің басшылары, егер Трамп бұл сыйлыққа ие болса, одан ресми шақырту алғылары келетінін де атап өтті.

«Известия» газетінің мәліметінше, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян АҚШ президенті Дональд Трампты Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасын көтерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Біз премьер-министр Пашинян екеуміз Дональд Трампқа бейбітшілік сыйлығын беру жөнінде Нобель комитетіне бірлескен хат жолдауға дайынбыз», – деді Әлиев Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында.

Екі елдің басшылары, егер Трамп бұл сыйлыққа ие болса, одан ресми шақырту алғылары келетінін де атап өтті.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев атысты тоқтату туралы декларацияға қол қойғаны белгілі болды. Салтанатты рәсім Ақ үйде, АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өтті.

Тарихи келісімнің негізгі тармақтарының бірі – аймақта көлік және коммуникация бағыттарын ашу, сондай-ақ Әзербайжанның негізгі аумағы мен Нахичевань эксклавын байланыстыратын транспорт дәлізін құру. Дәліз Арменияның Иранмен шекаралас бөлігінен өтеді. Бұл адамдар мен жүктің кедергісіз қатынауын қамтамасыз етеді.

20 маусымда Пәкістан үкіметі де Исламабад пен Нью-Дели арасындағы дауды реттеуге қосқан үлесі үшін Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынған еді.

7 шілдеде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ақ үйдегі кездесуде америкалық әріптесін осы сыйлыққа номинациялағанын мәлімдеді.

7 тамызда Камбоджа да Таиландпен арадағы шиеленісті реттеудегі рөлі үшін Трампты бейбітшілік сыйлығына ұсынды.

Ал Дональд Трамптың өзі бұл сыйлықты алу мүмкіндігін төмен бағалайтынын айтты.

«Мен бұл үшін Нобельдің бейбітшілік сыйлығын алмаймын, Үндістан мен Пәкістан арасындағы соғысты тоқтатқаным үшін алмаймын, Сербия мен Косово арасындағы қақтығысты тоқтатқаным үшін алмаймын, Мысыр мен Эфиопия арасындағы бейбітшілікті сақтағаным үшін алмаймын <...> Жоқ, мен не істесем де алмаймын – Ресей/Украина немесе Израиль/Иран мәселелері болсын, нәтижесі қандай болса да. Бірақ халық бәрін біледі, мен үшін маңыздысы да – сол!» – деп жазды ол Truth Social желісінде.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар