Әлемде

Макрон әйелін "еркек" деп атаған блогерді сотқа берді

Болжам бойынша, блогер 72 жастағы Брижит Макронды «бұрынғы ер адам, Жан-Мишель Тронье» деп атаған

Франция президенті Эммануэль Макрон мен жұбайы Брижит Макрон америкалық танымал блогер Кэндис Оуэнсті сотқа берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BBC.com-ға сілтеме жасап.

Себеп – блогердің Брижитті «ер адам» деп көпшілік алдында келемеждеуі.

Макрондар АҚШ-тың Делавэр штатының Жоғарғы сотына жүгініп, Оуэнсті ар-намысқа тиіп, жалған ақпарат таратты деп айыптауда. Болжам бойынша, блогер 72 жастағы Брижит Макронды «бұрынғы ер адам, Жан-Мишель Тронье» деп атаған.

Кэндис Оуэнстің Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде 6,9 миллион, YouTube-та 4,5 миллион жазылушысы бар.

Айта кетейік, 2017 жылғы президент сайлауы кезінде Эммануэль Макронның жыныстық ориентациясы туралы да түрлі қауесеттер тараған болатын.