Әлемде
Роналду: 2026 жылғы әлем чемпионаты – менің соңғы турнирім
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025
- 331
Футбол әлемінің жұлдызы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты өз мансабындағы соңғы жарыс болатынын айтты.
40 жастағы «Аль-Насрдың» капитаны Криштиану Роналду Канада, Мексика және АҚШ-та өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты оның мансабындағы соңғы дода болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Иә, бұл шындық. Ол кезде менің жасым 41-де болады. Мұндай үлкен турнирде ойнау… білмеймін… қазір мен әр сәттен ләззат алуға тырысамын», – деді Роналду Сауд Арабиясында өткен TOURISE форумында.
Футбол жұлдызы мансабын әлемдік аренада әдемі әрі әсерлі түрде аяқтауды көздеп отыр.






