дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сидней жағажайында жаппай атыс болып, 12 адам қаза тапты

Сидней жағажайында жаппай атыс болып, 12 адам қаза тапты
REUTERS/Izhar Khan
Шабуылға не себеп болғаны әзірге белгісіз

Австралияның Сидней қаласындағы Бонди-Бич жағажайында жаппай атыс болып, 12 адам қаза тапты. Сонымен қатар тағы 11 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға жексенбі күні еврейлердің "Ханукан" мерекесін тойлау кезінде орын алған.

Полиция дерегінше, шабуылға қатысы бар тұлғалар ұсталған. Тергеу барысында күдіктілердің бірі ретінде Бонниригг ауданында тұратын Нарвид Акрамның аты аталды. Қазір оның үйінде арнайы қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қауіпсіздік мақсатында жағажай аумағы толықтай жабылып, тінту жұмыстары жүріп жатыр.

Құқық қорғау органдары жарылғыш заттардың болуы мүмкін екенін де жоққа шығармай отыр.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар