Трамп Газа секторына қатысты тосын мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 4 желтоқсан, 2025
- 109
АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторына байланысты келісімнің екінші кезеңі жақын уақытта жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
"Барлығы өте жақсы жүріп жатыр. Таяу Шығыста бейбітшілік орнады. Көп адам мұны әлі түсінбей отыр", – деді ол журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Президент Газа бойынша жоспардың екінші кезеңіне қатысты да пікір білдірді.
"Екінші кезең жақындады. Ол жақын арада іске асады", – деп қысқа жауап қатты Трамп.
Еске салсақ, келісімнің бірінші кезеңі атысты тоқтатуды, Израиль әскерінің Газадан шығуын, тұтқындар мен палестиналық сотталғандарды алмастыруды және гуманитарлық көмекті қамтыған еді. Ал екінші кезең — соғыстан кейін Газа секторын басқару мәселелерін реттеуді көздейді, бірақ оның жүзеге асырылуы тоқтап қалған болатын.






