Әлемде

Ыстанбұлда Қазақстан азаматы қаза тапты

Осы оқиғаға қатысты Түркияның құзырлы органдары тергеу жұмыстарын бастап кеткен және барлық мән-жай анықталуда.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурыз күні Түркияның Ыстанбұл қаласы, Фатих ауданында Қазақстан азаматы қаза тапқаны туралы хабардар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған оқиға бойынша Түркияның құзырлы органдары тергеу жұмыстарын бастап кеткен және барлық мән-жай анықталуда.

Сонымен қатар, Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның жақындарына қажетті консулдық қолдау көрсетіп жатыр. Министрлік бұл мәселе ерекше бақылауда екенін атап өтті.