жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зақымданған кемені алмастырады: Қытай орбитаға зымыран ұшырды

Зақымданған кемені алмастырады: Қытай орбитаға зымыран ұшырды
Синьхуа
Бұл туралы ҚХР Пилотталған ғарыштық бағдарламасы басқармасы (CMSA) хабарлады.

Қытай Цзюцюань ғарыш айлағынан «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесін орбитаға ұшырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ғарыш кемесін ұшыру Long March-2F Y22 («Ұзын жорық») зымыраны арқылы жүзеге асқан. 12:11-де (Бейжін уақыты) елдің солтүстік-батысындағы айлақтан ғарышқа зымыран ұшырылды.

Қытайдың орталық телеарнасы CCTV оқиға орнынан тікелей эфирде ақпарат таратты.

Экипажсыз ұшырылған «Шэньчжоу-22» орбитадағы «Тяньгун» ғарыш станциясына барып, бұған дейін космостық қоқыс салдарынан зақымданған «Шэньчжоу-20» кемесін алмастыруы тиіс.

Бұл миссия сонымен қатар 2026 жылдың сәуірінде Жерге қайта оралуы жоспарланған «Шэньчжоу-21» экипажының ротациясын қамтамасыз етеді. Станцияда 31 қазаннан үш ғарышкер жұмыс істеп жатыр.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар