бейсенбі, 19 наурыз, 2026 20:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақ ауданы білім бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Байзақ ауданы білім бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды
Фото - ашық дереккөз
2026 жылғы 19 наурыздан бастап Өскембекова Құралай Әмреқұлқызы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды

Құралай Әмреқұлқызы 1984 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді, 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еңбек жолын 2007 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат департаментінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастаған.

2008–2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бағытында бас маман болды.

2014–2015 жылдары аталған басқармада бөлім басшысы қызметін атқарды.

2015–2020 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің басшысы қызметінде еңбек етті.

2020–2021 жылдары Тараз қаласы әкімінің көмекшісі, кейін кеңесшісі лауазымдарын атқарды.

2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар