жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Душанбедегі олимпиада: Қазақстандық оқушылар сегіз медаль жеңіп алды

Душанбедегі олимпиада: Қазақстандық оқушылар сегіз медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты

Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды. Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.

Жоғары жас санаты (9-11 сынып):

Мансур Мамадахунов — Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Алдияр Сейтбай — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Әли Еркебұланұлы — ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);

Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық № 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).

Кіші жас санаты (7-8 сынып):

Ахмет Бердімұрат — Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);

Темір Оразбек — Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);

Азамат Рахимбердиев — Атырау облыстық № 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика); Ислам Ермуханов — Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).

Олимпиаданың жұмыс тілдері — ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар