Мұғалімдердің білімін бағалау сынағы тоқтатылады: Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:55
- 240
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанда ұстаздардың пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрдің айтуынша, бұл жаңалық ұстаздар қауымына оң өзгеріс әкелмек.
– Құрметті ұстаздар. Сіздермен сүйінші жаңалықты бөлісемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұстаздарымыздың пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Өте жақсы. Менің ойымша, Мемлекет басшысы сіздерге зор сенім артып, үлкен жанашырлық танытуда. Бұл туралы хат білім басқармаларына жолданды, – деді ол.
Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, «модератор», «сарапшы», «зерттеуші», «шебер» санаттарында еңбек етіп жүрген педагогтерге және осы санаттарға өтініш беретін басшыларға арналған бағалау рәсімі енді өткізілмейді.
Ал төлем жасаған азаматтар қаражатын қайтару үшін арнайы электрондық пошта арқылы өтініш жолдай алады. Дегенмен жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, сондай-ақ педагогикалық қызметін қайта бастауға ниетті тұлғалар үшін «педагог» санаты бойынша тестілеу бұрынғы тәртіппен жалғасады. Бұл санаттағы емтихандар ай сайын ұйымдастырылып отырады.
Айта кету керек, педагогтердің білімін бағалау – олардың кәсіби деңгейін анықтауға бағытталған рәсім болатын. Алайда соңғы жылдары бұл жүйе мұғалімдер тарапынан жиі сынға ұшырап, қоғамда түрлі пікірталас тудырған еді.
Тараз қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Таразда республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 сәуір, 2026






