Білім

Президент жоғары білім туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Мемлекет басшысы жоғары білім туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

— Мемлекет басшысы «Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.