сенбі, 21 наурыз, 2026 15:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жарты миллион қазақстандық бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады

Жарты миллион қазақстандық бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Бұл туралы министрлік мәлімдеді

Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шараның мақсаты – ұлттық мәдени мұраны сақтау, білім алушылардың эстетикалық талғамы мен патриоттық сезімдерін күшейту, сондай-ақ балалардың домбырада ойнау шеберлігін насихаттау. Акция биыл цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект әлеуетіне баса назар аудара отырып жүзеге асырылды.
Акция барысында қатысушылардың таңдауы бойынша бір мезгілде халық күйі «Тепеңкөк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» секілді танымал күйлер орындалады. Шараға тек мектеп оқушыларын ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ең кішкентай тәрбиеленушілері және колледж студенттерін де қатысты.
Маңғыстау облысында қатысушылар тек домбырада ғана емес, сондай-ақ жетіген секілді көне ұлттық аспаптарда да күйлер орындап, қазақтың музыкалық мұрасының байлығы мен тереңдігін көрсетті. Ал Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері балалармен бірге күй тартты. 

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар