сәрсенбі, 4 ақпан, 2026 20:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

МӘМС мәртебесі болмаса, шұғыл медициналық көмек қалай көрсетіледі

МӘМС мәртебесі болмаса, шұғыл медициналық көмек қалай көрсетіледі
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Бұл сұраққа «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облысы бойынша филиалы жауап берді.

Қор филиалының хабарлауынша, шұғыл медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді. Ол үшін сақтандырылған мәртебеcі қажет емес, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Егер адам сақтандырылмаған болса да, оған шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі. 

Шұғыл медициналық көмекке кіретін қызметтер:
•    Жедел жәрдемді шақыру;
•    Жарақаттар, сызаттар, күйіктер кезінде көмек көрсету;
•    Шұғыл жағдайларда емдеу (мысалы, жүрек талмасы, инсульт);
•    Шұғыл операциялар жүргізу.

Айта кетейік,  МӘМС жүйесі жоспарлы емдеуге арналған. Ал егер азаматқа шұғыл медициналық көмек қажет болса, сақтандырылу мәртебесі болмаса да, оған қажетті көмек көрсетіледі.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар