жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте шетелдік кәсіпқой боксшыға шұғыл ота жасалды

Шымкентте шетелдік кәсіпқой боксшыға шұғыл ота жасалды
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы
Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында Франция азаматы, кәсіби боксшы Клаус Демериға шұғыл хирургиялық операция жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарыс кезінде ауыр жарақат алған спортшы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің тексерісінен кейін оған күрделі диагноз қойылды: сыртқы мұрын сүйектерінің жабық сынуы, сол жақ гаймор қуысы мен көз ұясы арасындағы сүйектің ығысқан сынуы, сондай-ақ көз алмасының жұмсақ тіндерінің гаймор қуысына түсуі.

Науқас бірден ЛОР бөлімшесіне жатқызылып, сүйек сынықтарын қалпына келтіру және эндоскопиялық баллонопластика бойынша ота жасалды. Операция сәтті аяқталып, боксшы бес күннен кейін ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шықты.

Шетелдік спортшы шымкенттік дәрігерлерге шексіз алғысын білдіріп, отандық медицинаның кәсіби деңгейін жоғары бағалады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар