сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 17:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылордада тұңғыш рет бір күнде үш бүйрек трансплантациясы жасалды

Қызылордада тұңғыш рет бір күнде үш бүйрек трансплантациясы жасалды
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада үш науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.

Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл жағдайда донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.

Ал үшінші ота 43 жастағы әйел адамға жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді.

Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD,

Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның трансплантологтар Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесіп жасады.

Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет бүйрек, 1 бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар