жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жатырдан тыс жүктілік: МӘМС жүйесі арқылы тегін көмек көрсетілді

Жатырдан тыс жүктілік: МӘМС жүйесі арқылы тегін көмек көрсетілді
Ашық дереккөз
Тәжірибелі мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында операция сәтті өтті, пациенттің жағдайы тұрақтандырылды.

*МӘМС – қолжетімді, сапалы және уақтылы медициналық көмектің кепілі*

 

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында 28 жастағы Ләйлә Әлиеваға жатырдан тыс жүктілік диагнозы қойылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында оған тегін ота жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тәжірибелі мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында операция сәтті өтті, пациенттің жағдайы тұрақтандырылды.

Гинеколог-дәрігер Гаухар Мамбетова МӘМС жүйесінің арқасында пациент дер кезінде және тегін медициналық көмек алғанын атап өтті.

«Медициналық көмектің уақтылы көрсетілуі мен мамандардың бірлескен жұмысы пациенттің денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік берді», — деп атап өтті дәрігер.

Жатырдан тыс жүктіліктің белгілері:

Етеккірдің кешігуі

Іштің төменгі жағындағы бір жақты ауырсыну

Әлсіздік, бас айналу

Аздаған қан аралас бөліністер

Дәрігерлердің кеңестері:

Жүктіліктің алғашқы белгілері байқалғанда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз;

Гинекологқа профилактикалық тексеруден өтіп тұрыңыз;

Өзіңіздің денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар