жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 5:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл жыл басынан бері елімізде 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген

Биыл жыл басынан бері елімізде 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген
Фото: Егемен Қазақстан
Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады

Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек, өткен жылдан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленген.  Оның ішінде ұлттық валютада 1 378 200 теңге сомасына 384 купюра, АҚШ долларында сомасы 120 050 АҚШ долларына 1 342 купюра, еурода сомасы 17 500 еуроға 35 купюра, ресей рублімен - 10 000 рубль сомасына 2 купюра анықталған. Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады.

"Демалыс маусымы қарсаңында азаматтар валюта айырбастау кезінде, әсіресе шетелге шыққанда, қырағылық танытуы керек. Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін және қылмыстық қудалау орбитасына ілінбеу мақсатында, жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз. Сауда-саттық жасау кезінде мұқият болуға және банкоматтан ақша алғанда, чектерін сақтауға кеңес береміз",- дейді ҚМА.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар