сейсенбі, 7 сәуір, 2026 3:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жеке табыс салығын төлеу тәртібі өзгерді

Жеке табыс салығын төлеу тәртібі өзгерді
Фото: Астана қаласының әікмдігі
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты жеке практикамен айналысатын азаматтар үшін маңызды мерзімдер жаңартылды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Енді 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары үшін жеке табыс салығын төлеу тәртібі өзгеріп, декларация тапсыру процесі жаңа ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.


— Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар (ЖПАА) жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары аралығындағы кезең үшін ЖТС бір жолғы тәртіппен 2025 жылғы 5 қазаннан кешіктірілмей төленуі тиіс. Аталған күн демалыскүніне сәйкес келгендіктен, төлем мерзімі 2025 жылғы 6 қазанға ауыстырылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ИС СОНО ақпараттық жүйесі кезең-кезеңімен пайдаланудан шығарылып жатқанын назарларыңызға саламыз. Осыған байланысты, 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (бұдан әрі — 270.00 нысаны) Салықтық әкімшілендірудің интеграцияла нған ақпараттық жүйесі (ИСНА) арқылы ұсыну қажет.

Сонымен бірге, жаңартулар толық аяқталғанға дейін Комитет ЖПАА-ға 270.00 нысанындағы декларацияны ИСНА арқылы 2026 жылғы 15 сәуірден кейін тапсыруды ұсынады.

Комитет 2025 жыл үшін 270.00 нысанындағы декларация — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылуы тиіс екенін еске салады.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар