Елімізде

2025: Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су жеткізілді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылдың бірінші жартысында Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биыл алғашқы алты айда Қазақстанға Қытайдан Ертіс өзені арқылы 4,6 млрд текше метр және Іле өзені арқылы 5,6 млрд текше метр су келді.

Іле өзені арқылы келген су екінші жыл қатарынан Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасын 100% толтыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік берді. 

Нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері Балқаш деңгейі орта есеппен 32 см-ге, яғни Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін өсті.