Елімізде

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап: Ұлттық тауарлар каталогын қолдану міндеттеледі

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді

Биыл заң нормалары қабылданып, классификаторды жүргізу тәртібі белгіленді. Қазір каталог пилоттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның айтуынша, тауарға берілген код арқылы оның барлық циклін – зауыттан шыққанын, қайда жіберілгенін көруге болады. Бұл көлеңкелі сауданы, сапасыз өнім шығаруды болдырмауға және әділ бәсеке орнатуға мүмкіндік береді.   Ұлттық тауарлар каталогына тауар айналымына қатысушылар қосыла алады. Жоба аясында жаппай қосылуға арналған оқу материалдары, нұсқаулар мен интерфейстер дайындалады.