«254 миллион теңге өндірілді»: Қызылордалық компания көксерке етін заңсыз экспорттаған
Кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты
ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2022 жылы аталған кәсіпорынның лауазымды тұлғалары кеден органдарына жалған мәліметтер ұсынып, құны 254 миллион теңге болатын жалпы салмағы 75 тоннадан асатын көк серке етін Еуропалық одақ елдеріне заңсыз экспорттаған.
Балық өнімдерінің заңды шығу тегін көрсету мақсатында кәсіпорын шын мәнінде балық өсіру немесе ұстау жағдайлары болмаған өзімен байланысы бар тұлғалар мен шаруашылықтардан балық сатып алынғаны жөнінде жалған құжаттар ресімдеген.
Мемлекет пайдасына 254 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.