-37 градус аяз: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 21 ақпан, 2026
- 217
Синоптиктердің болжамынша, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен түрлі қарқындылықтағы жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әсіресе солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей уақыттарда қалың қар түсуі ықтимал. Ал оңтүстік облыстарда жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық құбылыстар да қатар жүреді. Бірқатар аймақтарда екпінді жел күшейіп, боран соғады. Жолдарда көктайғақ пайда болып, кей жерлерде тұман түсіп, көру мүмкіндігі төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайлар көлік қозғалысына айтарлықтай әсер етуі ықтимал.
Циклон ығысқаннан кейін Батыс Сібір жазығы аумағынан антициклон батыс өңірлерге қарай жылжиды. Соның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күн суыта бастайды. Антициклон ашық әрі суық ауа райын қалыптастырып, температураның айтарлықтай төмендеуіне себеп болады.
Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде 17–25 градус аяз күтілсе, оңтүстік облыстарда 0–8 градус аяз болжанып отыр.
23 ақпаннан бастап солтүстік-батыс аймақтарда, ал 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы күрт төмендейді. Кей жерлерде сынап бағанасы 25–37 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
- авторБақытжан Бекболат
- 21 ақпан, 2026






