Алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады
Алдағы үш тәулікте ел аумағында ауа райы күрт құбылып, -35 градус аяз күтіледі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әсіресе солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қалың қар түсуі ықтимал.
Температуралық фон да айтарлықтай өзгермек. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 0–5 градустан 18–30 градус аязға дейін төмендейді. Ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты суық күтіліп, ауа температурасы 33–35 градусқа дейін аязға жетуі мүмкін. Елдің қалған бөлігінде температура айтарлықтай өзгермейді.