Алдағы күндері еліміздің кей аймақтарында 13 градусқа дейін аяз күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 7 қазан, 2025
- 483
Алдағы күндері елдің көп бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.
Синоптиктердің болжамынша, елімізде желдің күшеюі, тұман, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл байқалуы мүмкін.
- Түнгі уақытта солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 1–7 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 4–16 градус жылы болады. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 3–11 градус жылы болады деп күтіледі. Қалған аумақтарда ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады, - делінген синоптиктердің хабарламасында.






